Наташа Қалымбетова 32 жылдан кейін қызымен қауышты

Қалымбетованың айтуынша, ол қызын көрген сәттен-ақ өз перзенті екенін сезген. Сараптама нәтижесі де бұл болжамды растаған.

Қараша 3, 2026 - 13:06
 0  10
Наташа Қалымбетова 32 жылдан кейін қызымен қауышты
Фото: Видеодан скрин

Наташа Қалымбетова 32 жыл бойы іздеген қызын АҚШ-тан тапты. ДНҚ сараптамасы олардың анасы мен қызы екенін растады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қалымбетованың айтуынша, ол қызын көрген сәттен-ақ өз перзенті екенін сезген. Сараптама нәтижесі де бұл болжамды растаған.

«Менің қызым екенін бірден сездім. 99 пайыз менің қызым екенін көрсетті. АҚШ-та қалмаймыз, Таиландқа барамыз. Екі баламды таныстырамын», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Наташа Қалымбетова Қазақстан президентіне үндеу жасап, 32 жыл бұрын бірнеше ер адамның зорлығына ұшырағанын айтқан еді. Ол осы оқиғадан кейін дүниеге келген қызын 1995 жылдан бері іздеп жүргенін жеткізіп, істі Мемлекет басшысының жеке бақылауына алуды сұраған.

Әйелдің сөзінше, аталған оқиға бойынша тергеу басталғанымен, куәгерлер мен нақты айғақтардың болмауына байланысты іс ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған.

Арада 32 жыл өткенде оның іздеген қызы АҚШ-тан табылды. ДНҚ сараптамасы екеуінің туыстығын растап, анасы мен қызының қайта қауышуына жол ашты.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0