Ақтөбеде 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірді

Куәгерлердің айтуынша, марқұм Неке сарайына қазіргі сүйіктісімен бірге келген.

Қараша 4, 2026 - 10:55
 0  0
Ақтөбеде 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірді
Фото: pixabay

Ақтөбе қаласындағы неке сарайында 26 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Оны өлтірді деген күдікпен бұрынғы күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм Неке сарайына қазіргі сүйіктісімен бірге келген.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті оқиғадан кейін көп ұзамай қолға түскен.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті оқиға ізін суытпай анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмыстың себептерін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0