Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алады

Қарыз 15 жылға беріледі, оның ішінде үш жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған.

Қараша 4, 2026 - 12:25
 0  0
Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алады
Фото: istockphoto.com

Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қабылдады. Келісім бойынша Қазақстан 15 жыл мерзімге 3,4 млрд юань көлемінде қарыз алады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Заң жобасына берілген қорытындыда Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімге 2026 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылғаны көрсетілген.

«Азия даму банкі Қазақстанға 3 млрд 411 млн 350 мың қытай юані көлемінде қарыз береді. Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, оның ішінде үш жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған. Сыйақы мөлшерлемесі SHIBOR + өзгермелі спред бойынша белгіленеді. Резервтеу комиссиясы – 0,15%. Қарыз туралы келісімді іске асыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық басым міндеттерін уақтылы қаржыландыруға мүмкіндік беріп, Қазақстанның қаржы секторының тұрақтылығын нығайтады», – деп жазылған құжатта.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0