«20 жылдан бері террориспін»: Атырауда никаб киген екі әйел тікелей эфирдегі сөзі үшін жауапқа тартылды

Полиция қызметкерлері 38 және 39 жастағы әйелдердің жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізген.

Қараша 4, 2026 - 12:14
 0  0
«20 жылдан бері террориспін»: Атырауда никаб киген екі әйел тікелей эфирдегі сөзі үшін жауапқа тартылды
Фото: Видеодан скрин

Атырауда әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, арандатушылық сипаттағы сөздер айтқан екі әйел полицияға жеткізілді. Оларға қатысты үш әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде екі әйелдің тікелей эфир кезінде айтқан сөздері түсірілген видео тарады. Олардың мәлімдемелері желі қолданушыларының наразылығын тудырған. Полиция қызметкерлері 38 және 39 жастағы әйелдердің жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізген.

«Оларға қатысты ұсақ бұзақылық, құқыққа қайшы контент тарату және адамның жеке басын тануға кедергі келтіретін киім кию деректері бойынша үш әкімшілік іс қозғалды», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта құқықбұзушылыққа қатысты материалдар сотқа жолданған.

Сонымен қатар әйелдермен теолог профилактикалық әңгіме жүргізіп, заң талаптары мен қоғамдық тәртіп ережелерін түсіндірген.

Атырау облысының полиция департаменті тікелей эфир кезінде жасалған әрекеттер үшін де заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0