Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды
Күдікті ретінде ұсталған бозбала уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: pixabay
Қостанай қаласында 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім қолға түсті. Бұл мәліметті облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Полицияның мәліметінше, 86 жастағы қарияның мәйіті аулалардың бірінен табылған. Марқұмның пышақ жарақатынан көз жұмғаны белгілі. Күдікті ретінде ұсталған бозбала уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 30 қазанда болған. 1940 жылы туған зейнеткер Құбеев көшесіндегі үйінің ауласына серуендеуге шыққан. Тараған ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреулер ер адамның тамағын кесіп, оқиға орнынан бой тасалаған.