Қазақ журналисі АҚШ-тағы телеарнада басшылық қызметке тағайындалды
Айта кетейік, Буффалодағы ABC 7 (WKBW-TV) – ABC ұлттық желісінің жергілікті телеарнасы. Ол Буффало, Эри округі, Ниагара-Фолс және Нью-Йорк штатының батысындағы оқиғаларды тұрақты түрде жариялап отырады.
Журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы кәсіби мансабында жаңа белеске көтерілді. Ол Нью-Йорктегі ABC 7 телеарнасының Буффало қаласындағы бөлімшесінде жетекші репортер қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Талғат Алманов бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Жаңа қызметінде ол жаңалықтар бөлімінің жұмысына жетекшілік етіп, журналистер мен продюсерлер тобымен бірлесіп жұмыс істейді.
«Жаңа қызметім аясында жаңалықтар бөлімінің жұмысын үйлестіріп, журналистер мен продюсерлермен тығыз байланыста боламын. Жаңалықтардың мазмұнды, сапалы әрі көрерменге уақытылы жетуін қадағалаумен қатар, репортаждар әзірлеуді және журналистік зерттеулер жүргізуді жалғастырамын», – деді ол.
Айта кетейік, Буффалодағы ABC 7 (WKBW-TV) – ABC ұлттық желісінің жергілікті телеарнасы. Ол Буффало, Эри округі, Ниагара-Фолс және Нью-Йорк штатының батысындағы оқиғаларды тұрақты түрде жариялап отырады.
Талғат Алманов елде республикалық телеарналарда жүргізуші болды. Кейін "Болашақ" бағдарламасымен АҚШ-қа оқуға түсіп, елге оралмады.