Ақмола облысында жол апатынан зардап шеккен полицей қайтыс болды
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. JAC автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүріп жатыр.
Қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан зардап шеккен полиция капитаны Данияр Таев 4 қарашада емдеу мекемесінде көз жұмды, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған sadaq.kz.
Ведомство жол апатының 3 қарашада "Астана – Петропавл" тасжолында болғанын еске салды. Патрульдік полиция қызметкері жол жөндеу жұмыстарына тартылған арнайы техниканы алып жүріп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
"Алдын ала мәлімет бойынша, JAC автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады", - деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. JAC автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүріп жатыр.
"Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің жағдайы басынан-ақ аса ауыр деп бағаланғанын хабарлады. Жүргізілген реанимациялық іс-шаралар мен дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін арашалап қалу мүмкін болмаған.
Полиция қызметкерінің өліміне алған ауыр жарақаттары себеп болған.