2027 жылы Қазақстан – Түркия ықпалдастығының 35 жылдығын атап өтеміз – Мұстафа Капуджу

Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына арналған салтанатты қабылдауда мәлімдеді.

Қараша 4, 2026 - 13:46
 0  2
2027 жылы Қазақстан – Түркия ықпалдастығының 35 жылдығын атап өтеміз – Мұстафа Капуджу
Фото: Ажар Лаубаева

Түркия 2025 жылы 64 миллионға жуық шетелдік туристі қабылдаған. Олардың арасында Қазақстанның 763 мыңға жуық азаматы бар. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына арналған салтанатты қабылдауда мәлімдеді.

Дипломаттың айтуынша, соңғы жылдары Түркия экономикасы қарқынды дамып, өнеркәсіп, көлік және туризм салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Қазір ел халқының саны 87 миллионға жуықтады.

Сонымен қатар Түркия қазақстандық студенттерге білім алуға мүмкіндік беріп келеді. 1992 жылдан бері «Türkiye Bursları» бағдарламасы арқылы Қазақстанның 7 мыңға жуық азаматы қолдау алған. Қазір Түркия университеттерінде 13 мың қазақстандық білім алып жатыр.

Елші екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстың да нығайып келе жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, 2025 жылдың қорытындысында Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 10 миллиард долларға жеткен. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті 15 миллиард долларға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Бүгінде Қазақстанда 5 мыңнан астам түрік компаниясы жұмыс істейді. Түркияның елімізге салған тікелей инвестиция көлемі 6 миллиард доллардан асқан.

Салтанатты шарада Қазақстан Үкіметінің атынан сөз сөйлеген министр Әлібек Қуантыров та екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, мәдениет және басқа да бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі.

Айта кетейік, салтанатты шараға Қазақстанныңмемлекеттік органдарының жоғары лауазымды тұлғалары,дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, түрік іскерлік қауымдастығының мүшелері, Қазақстанда тұратын Түркия азаматтары, мәдениет, өнержәне ғылым салаларының көрнекті қайраткерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистер қатысты.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0