Қызылордада із-түссіз жоғалған 65 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған ер азаматтың мәйіті қала аумағынан табылды.
Қызылордада бірнеше күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 65 жастағы Ғани Көшербаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Қала тұрғыны 29 қазан күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге барлық күш пен құрал жұмылдырылып, кешенді жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілген.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған ер азаматтың мәйіті қала аумағынан табылды. Сот сараптама қорытындысымен мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұған дейінгі жарияланған ақпараттарда Ғани Көшербаевтың деменция диагнозы бар екені айтылған еді.