Мұқасан Шахзадаев әріптесі Нұрланның қолын да алмайтынын айтты (ВИДЕО)

Өнер иелерінің арасына сызат түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

Қараша 8, 2026 - 12:06
 0  1
Мұқасан Шахзадаев әріптесі Нұрланның қолын да алмайтынын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

"Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі Мұқасан Шахзадаев "Жетінші арнаға" берген сұхбатында  Нұрланмен мүлде араласпай кеткенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесінің ренжігені соншалық тіпті амандаспайтынын да айтты. 

"Мен амандаспаймын. 2-3 тойда қызып жатқан кезде маған қолын созды. Қолын алмай қойдым. Ең бастысы аман болсыншы", - деді ол. 

Өнер иелерінің арасына сызат түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Мұқасан тәкаппар адам екені сөзінен бұрын түрінде тұр", "Адам жауымен да амандасады", "Еркектің әңгімесі ме енді осы", "Сенсіз де Нұрланның таңы атады , бірақ амандасуға созған қолды алу керек, кісілігің кімге керек", "Мынаның есі дұрыс па", "Өр көкірек, тәкаппар адам амандаспайды", "Нұрлан бірінші болып қол беруі оның жақсы адам екенін көрсетеді. Жетісіпсің алмасаң", - деп жазды оқырмандар. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0