Блогер Біржан Әшімнің әкесі қайтыс болды
Марқұм ғұмырын өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнаған. Әріптестері оны кәсіби білікті маман, дана тәлімгер, қамқор әке әрі ардақты ата ретінде еске алды.
Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі Сапарғали Мұқашұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды «Бөбек» гимназиясының ұжымы жариялады, деп жазады Sadaq.kz.
«Бөбек» орталығының ұжымы құрметті педагог Сапарғали Мұқашұлы Әшімовтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Марқұм ғұмырын өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнаған. Әріптестері оны кәсіби білікті маман, дана тәлімгер, қамқор әке әрі ардақты ата ретінде еске алды.
Сапарғали Мұқашұлы оқушылар мен педагогикалық ұжым арасында зор құрметке ие болған. Оның адамгершілігі, мейірімділігі мен ұстаздық өнегесі әріптестері мен шәкірттерінің жадында сақталмақ.