Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4 300 орын бөлінді
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.
Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиа алдағы қажылық маусымын ұйымдастыру жөніндегі келісімге қол қойды.
"Келісімде екі ел арасындағы қажылық сапарын үйлестіру, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігі мен медициналық талаптарды сақтау мәселелері қамтылған", - деп жазылған хабарламада.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді. Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды.