Ақтөбеде ер адамды атып кеткен: күдікті іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде жеке үйден оқ жарақатымен ер адамның мәйіті табылды

Қараша 16, 2026 - 15:41
 0  0
Ақтөбеде ер адамды атып кеткен: күдікті іздестіріліп жатыр
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде оқ жарақатынан қаза тапқан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға 16 қарашада болған. Марқұмның денесінен оқ жарақаты анықталған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бетперде киген белгісіз адам жеке үйге басып кіріп, ақша, бағалы заттар мен автокөлікті алып кеткен.

Кейін оқиға орнынан қашып кеткені айтылады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Қазіргі уақытта күдіктіні анықтап, ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар полиция жалған және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0