«Хабар» телеарнасы Дина Төреәліні жаңа жобаға не үшін қосқанын түсіндірді
«Ой тұмар» жобасының жүргізушілері Жайна Сламбек, Мөлдір Досбай, Ләйлә Сұлтанқызы, Ақмоншақ Нұртаза екенін айтты.
Әлеуметтік желіде блогер Дина Төреәліге қатысты қызу талқылаудан кейін "Хабар" телеарнасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Ой тұмар» жобасының жүргізушілері Жайна Сламбек, Мөлдір Досбай, Ләйлә Сұлтанқызы, Ақмоншақ Нұртаза екенін айтты.
Дина Төреәлі, Лаура Лесбек, Риза Данияр аптасына бір рет шығатын негізгі спикерлердің бірі ретінде қарастырылған.
«Жоба әр түрлі буын өкілдерінің пікірін жеткізуге арналған. Алдағы уақытта жасөспірімдерден бастап, аға буынға дейінгі көрермен бағдарламаға қонақ болады, барлық буынның көзқарасына орын беріледі», - деп хабарлады телеарна.