«Әкесі қашан алып беретінін уақыт көрсетер»: Олжас Абайдың бұрынғы әйелі жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтты

Олжас Абай Аман Тасығанға берген сұхбатында бірінші отбасымен арадағы мәселе реттелгенін және әкелік парызын өтеп жүргенін айтқан болатын.

Қараша 19, 2026 - 12:39
 0  0
«Әкесі қашан алып беретінін уақыт көрсетер»: Олжас Абайдың бұрынғы әйелі жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтты
фото: видеодан скриншот

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман экс-күйеуінің балаларына пәтер алып беру туралы уәдесі әлі орындалмағанын айтты. Бұл туралы ол Qoslike бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко Аймира Аманнан Олжас Абай балаларына пәтер алып берді ме деп сұрады.

Аймираның айтуынша, қазір балаларымен бірге сол пәтерде тұрып жатыр. Ол экс-күйеуінің уәдесін қашан орындайтынын уақыт көрсететінін айтты. 

«Қазір де сол пәтерде тұрамыз. Әкесі оны қай уақытта алып беріп, қаншалықты сөзінде тұратынын уақыт көрсетер. Мен үшін емес, балалар үшін барын салып, көмектеседі деп ойлаймын. Күндердің күнінде», – деді Аймира Аман.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0