Астанадағы қазандықта ірі өрт шықты
Өрт 10 шаршы метр аумақта сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Астана аудандарының бірінде орналасқан қазандықтан өрт шықты. ТЖМ оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Астананың "112" пультіне Байқоңыр ауданындағы Ж. Досмұхамедұлы көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде жеке тұрған қазандықтың сыртқы қаптамасы мен төбесінің бір бөлігі жанып жатқаны анықталған. Өрт 10 шаршы метр аумақта сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.