UWW бюросына енген тұңғыш қазақ: Балуандар Еркін Оқасовтың тағайындалуын ерекше бағалады

Бұл туралы SportTalksPodcast жобасында сөз болды. Бағдарламаға күрестің үш буынының өкілдері – Саржан Жақсыбеков, Ақжүрек Таңатаров және Айдос Сұлтанғали қатысты.

Қараша 18, 2026 - 16:38
 0  5
UWW бюросына енген тұңғыш қазақ: Балуандар Еркін Оқасовтың тағайындалуын  ерекше бағалады
Фото: Видеодан скрин

Қазақстан Күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов Біріккен әлем күресі (UWW) халықаралық ұйымының бюросына мүше болып тағайындалды. Осылайша, ол аталған құрылымға енген тұңғыш қазақ атанды. Отандық балуандар бұл жаңалықты қазақ спорты үшін тарихи оқиға деп бағалады.

Бұл туралы SportTalksPodcast жобасында сөз болды. Бағдарламаға күрестің үш буынының өкілдері – Саржан Жақсыбеков, Ақжүрек Таңатаров және Айдос Сұлтанғали қатысты.

Әңгіме барысында спортшылар биыл Астанада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатының ұйымдастырылу деңгейін талқылады. Олардың айтуынша, халықаралық дода жоғары деңгейде өтіп, жарысты тамашалауға келген жанкүйерлер залға сыймай кеткен.

Сонымен қатар қонақтар Қазақстандағы күрес федерациясында жүзеге асып жатқан өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, арнайы спорт мектептері мен академиялардың ашылуы жас балуандарды даярлауға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Сұхбат барысында Еркін Оқасовтың UWW бюросына мүше болып тағайындалуы да ерекше аталды. Балуандар бұл шешімді Қазақстан күресінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыратын маңызды әрі тарихи қадам деп бағалады.

Толық сұхбатты SportTalksPodcast жобасының YouTube арнасынан көре аласыз.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0