Президент АҚШ бойынша арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады
Кездесу барысында Президентке Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды.
Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады, деп жазады Sadaq.kz.
Президент өзінің Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.