Қарағандыдағы сауда орталығынан ер адамның мәйіті табылды
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның денесі сауда үйіндегі ана мен бала бөлмесінен табылған.
Қарағанды қаласындағы сауда орталықтарының бірінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның денесі сауда үйіндегі ана мен бала бөлмесінен табылған. Оны алғаш болып күзет қызметкері байқаған.
Аталған жағдайға қатысты полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
«16 қарашада Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен өз-өзіне қол жұмсаған 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.