Балқашта екі жасөспірім қызды темекімен күйдіріп, зорлады деген күдікпен бір топ ер адам ұсталды
Балқашта екі қызды ұрып-соғып, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген
Балқашта кәмелетке толмаған екі қызды зорлады деген күдікпен бірнеше адам қамауға алынды.
Балқаш қаласының 55 жастағы тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреулер екі қарындасына қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалғанын хабарлаған.
Ер адамның айтуынша, зорлық жазда болған. Бірнеше жігіт 13 және 15 жастағы қыздарды ұрып-соғып, олардың қолдарын темекімен күйдірген және ішкізіп, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.
Қарағанды облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.