Қырық жыл ат үстінен түспеген жылқышы Президент қолынан марапат алды
Ұлытау облысының жылқышысы Мәкіш Әменов ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградаға ие болды. Марапатты оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ұлытау облысының жылқышысы Мәкіш Әменов ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградаға ие болды. Марапатты оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.
Мәкіш Әменов 17 жасынан жылқы бағып, осы кәсіпте 40 жылдан астам еңбек еткен. Әкесі де жылқышы болған. Бүгінде ұлы ата кәсібін жалғастырып жүр. Осылайша бір әулеттің үш буыны жылқы шаруашылығымен айналысады.
«Жылқының тілін таптым. Бұл – сүйікті ісім. Президент қолынан марапат алу арманым еді», – деді Мәкіш Әменов.
Марапаттау рәсіміне жылқышының ұлдары да келіп, әкесінің қуанышына ортақтасты.
«Парасат» орденімен
Асанов Бейбіт Батниязұлы – «Жеңіс» ШҚ басшысы, Батыс Қазақстан облысы
Нұртазаев Бақыт – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қызылорда облысы;
II дәрежелі «Достық» орденімен
Рудаков Александр Сергеевич – «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және президенті, Ресей Федерациясы;
«Құрмет» орденімен
Балжігітов Сейітжан Қапанұлы – «Достан Ата» ШҚ басшысы, Атырау облысы
Ищанов Қуаныш Аманғалиұлы – «Айс-плюс» ЖШС директоры, Ақтөбе облысы
Мақатов Қайырбай Қонқаұлы – «Бижан» ШҚ басшысы, Қостанай облысы
Хуршудов Ислам Махмудович – «Агро Балтабай» ЖШС малшысы, Алматы облысы;
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Ахметжанов Рүстем Қажықанұлы – «Қапшағай МТС Сервис» ЖШС малшысы, Алматы облысы
Әменов Мәкіш Керімбайұлы – жылқышы, Ұлытау облысы
Клишин Виктор Александрович – «Жер өнімдері» ЖШС тракторшы-механизаторы, Ақмола облысы
Темірбаев Қуандық Сейіткенұлы – «Меңдеш» ШҚ механизаторы, Павлодар облысы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Әбдірайымов Дәурен Шыңғысұлы – «Дәурен» ШҚ зоотехнигі, Абай облысы
Әбсәттар Өтепберген Әкімұлы – «Өтепберген» ШҚ түйе өсірушісі, Түркістан облысы
Қапарова Әлия Айбасқызы – «Burabay Milk» ЖШС бұзау күтішусі, Ақмола облысы
Сейдахметов Бауыржан Қабиұлы – «Шалқар» ШҚ аға бақташысы, Маңғыстау облысы;
«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
Айтөленов Дастан – «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС директоры, Жамбыл облысы
Звольский Сергей Адамович – «Астық-STEM» ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысы
Нығметов Сейітжапар Алшынбекұлы – «Қайнар» ЖШС директоры, Қарағанды облысы
Тезекбаев Жұмаш Жұмабекұлы – «Егемендік» ШҚ басшысы, Жетісу облысы.