Қызылорда облысында 58 жастағы ер адам жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді

Оқиға бір рет көлікте, кейін ер адамның үйінде тағы екі рет қайталанған.

Қараша 20, 2026 - 16:25
 0  1
Қызылорда облысында 58 жастағы ер адам жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді
Фото: pixabay

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында 9-сынып оқушысын 58 жастағы өгей әкесінің ағасы зорлаған деп айыпталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Информбюро» бағдарламасының мәліметінше, ер адам оған белгісіз дәрі беріп, ұйықтап қалған сәтін пайдаланған. Оқиға бір рет көлікте, кейін ер адамның үйінде тағы екі рет қайталанған.

«Қышқыл бір дәрілер болады. Түбінде тұрды, дұрыс араластырмаған. Басым қысып ауырды. Содан төсегіме жаттым да, ұйықтап қалдым. Қасымда жатыр екен. Үстінде майка мен іш киім ғана болды. Азанда тұрғанда астымнан қан ағып, жыныс мүшем қатты ауырды. Ол туралы да ешкімге айтпадым”, – дейді жәбірленуші. 

Қыздың жақындары бұл жағдайды білген соң полицияға жүгінген. Алайда жәбірленушінің сөзінше, анасы істің жалғасып, тексерілуіне қарсы болған. 

Қазір 9-сынып оқушысы екі айдан бері жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ал нағашы атасы істің әділ тергеліп, кінәлі адам тиісті жазасын алуын талап етуде.

Полиция аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы аясында тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0