Шымкентте жанармай тасымалдайтын көлік отқа оранды: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Апат Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында болды. Куәгер қайғылы оқиға туралы айтып берді.

Қараша 20, 2026 - 09:42
 0  0
Шымкентте жанармай тасымалдайтын көлік отқа оранды: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
фото: видеодан скриншот

Шымкенттегі жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды "Жетінші арна".

Апат Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында болды. Куәгер қайғылы оқиға туралы айтып берді.

"Үйде отырған кезде қатты гүріл естідік. Терезеден көліктің жанып жатқанын көрдім. Мен дереу 101 нөміріне қоңырау шалып, өрт туралы хабарладым. Содан кейін балалар мен отбасының қалған мүшелерін қауіпсіз жерге көшірдік. Өрт тұрғын үйлерге өте жақын болды", - дейді Жұмабек Жолдас.

Оның айтуынша, ол жерде мұндай жол апаты жиі болып тұрады.

"Былтыр жазда мен полицияға хабарласып, осында бейнебақылау камерасын орнатуды сұрадым. Олардың уақыты болмады ма, әлде менің өтінішімді елемеді ме, білмеймін. Енді осы жағдай болып отыр", - деді ер адам.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жол апаты салдарынан жанармай тасымалдайтын көлік аударылып, өртенгенін хабарлағанбыз. Құтқарушылар кабинадан жүргізушінің денесін тапты.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0