«Күрес федерациясы қысқа уақыт ішінде өңірлердегі жұмысты жүйелі жолға қойды» – Ербол Мырзабосынов
Биыл 23 жасқа дейінгі палуандар әлем чемпионатында үш алтын, ал 17 жасқа дейінгі спортшылар әлем біріншілігінде екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл – болашақта әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын мықты спорттық резерв.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан күрес федерациясының жұмысына баға берді, деп жазады Sadaq.kz.
«Бір-екі жылдың ішінде алтын медаль жеңіп алу өте қиын. Күресте жоғары нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс қажет. Менің ойымша, федерация қысқа уақыт ішінде өңірлердегі жұмысты жолға қойып, Күрес академиясын құруға кірісті. Астанада өткен конгресте федерация президенті Еркін Оқасов Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) бюро мүшесі болып сайланды. Бұл – Қазақстан күресі үшін тарихи оқиға. Жас спортшыларымыздың нәтижелері де қуантады. Биыл 23 жасқа дейінгі палуандар әлем чемпионатында үш алтын, ал 17 жасқа дейінгі спортшылар әлем біріншілігінде екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл – болашақта әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын мықты спорттық резерв», – деді министр.