Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы сүйреп, шапалақпен ұрған

Оқиға Индербор кентіндегі «Балдәурен» балабақшасында «Күншуақ» тобында тіркелген.

Қараша 19, 2026 - 13:20
 0  0
Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы сүйреп, шапалақпен ұрған
Фото: Видеодан скрин

Атырау облысында балабақша тәрбиешілерінің бүлдіршіндерге дөрекілік танытқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға Индербор кентіндегі «Балдәурен» балабақшасында «Күншуақ» тобында тіркелген. Сол күні екі жасқа толған бүлдіршіннің туған күні атап өтілген. Мерекеге орай тәрбиешілер ата-аналарға арнап видео түсіру үшін балаларды туған күн иесінің жанына жинаған.

Алайда бейнежазбада тәрбиешілердің бірі баланы үстелге қарай дөрекі түрде сүйрегені, ал екіншісі бүлдіршіннің арқасынан ұрғаны байқалады. Сондай-ақ әйелдердің бірі балаға дауыс көтеріп, оны итеріп, шымшыған.

Желіде тараған видеода тәрбиешінің өзге балаларға қарап, бүлдіршіннің әрекетін сынағаны да естіледі.

Оқиғадан соң аудандық білім бөлімі тексеру бастаған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0