«Шексіз бақыттымын»: Толқын Забирова болашақ келінін көрсетті
Желі қолданушылары өнер иесін қуанышты жаңалығымен құттықтап, жас жұбайларға бақыт тіледі.
Әнші Толқын Забирова отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесінің ұлы мен келіні неке қиып, болашақ құда-құдағиымен таныстырды.
«Ал, достар, мені құттықтап қойыңыздар. Менің болашақ құдағиым. Аты – Зәуре. Қазір құдам келеді. Міне, бақытты күнге жетіп отырмыз. Оң жағымда құдағи, сол жағымда құдам. Не деген бақыт! Мен шексіз бақыттымын. Осындай күнге жеткеніме Аллаға мың шүкір. Бар арманым – екі балам бақытты болсын. Маған одан артық қуаныш та, мереке де керек емес. Шаңырағымызға қош келдің, жаным», – деді әнші.
Желі қолданушылары өнер иесін қуанышты жаңалығымен құттықтап, жас жұбайларға бақыт тіледі.