Димаш Құдайбергенге Мексикада WBC-нің құрмет белбеуі табысталды

Бұл марапат өнерпаздың халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен музыка арқылы түрлі елдер мен мәдениет өкілдерін жақындастыруға қосқан үлегіне берілген баға болды.

Қараша 20, 2026 - 17:04
 0  4
Димаш Құдайбергенге Мексикада WBC-нің құрмет белбеуі табысталды
Фото: видеодан скрин

19 қарашада Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрмет белбеуі табысталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл марапат өнерпаздың халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен музыка арқылы түрлі елдер мен мәдениет өкілдерін жақындастыруға қосқан үлегіне берілген баға болды.

Белбеуді Дүниежүзілік бокс кеңесінің өкілдері кіші Гектор Сулейман, Хосе Антонио Арреола Сулейман, Виктор Сильва және Қазақстанның WBC-дегі өкілі Әлихан Жарылғапов табыстады.

Димаштың анасы, қазақстандық әнші Светлана Айтбаева Латын Америкасындағы концерттік сапар барысында бірқатар жағымды жаңалық болғанын атап өтті.

"Монтеррейде қазақстандық әншінің бейнесі салынған мурал пайда болса, Мехиконың орталығындағы Мексиканың көрнекті тұлғасы Венустиано Каррансаға арналған мұражайда Димаштың шығармашылығына арналған фотокөрме ашылды", - деді ол.

Сөзінше, көрмеге Қазақстанның Мексикадағы елшілігінің өкілдері де қатысқан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0