Доллар бір күнде қымбаттап кетті
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,87 теңгеге өсіп, 455,00 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 448,72 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,87 теңгеге өсіп, 455,00 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 448,72 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 449,81 теңгеден сатып алынады, 456,94 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 493,94 теңге, сату — 503,04 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,29 теңге, сату — 5,49 теңге.
— юань: сатып алу — 67,66 теңге, сату — 71,49 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 453,80 теңгеден сатып алынады, 456,15 теңгеден сатылады. Еуро 498,29 — 503,13 теңге, ал 5,26 — 5,38 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,37 теңгеден сатып алынады, 69,85 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 19 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,47 теңгеге өсіп, 448,72 теңге болды.