«Талай сынақтан кейінгі үмітіміз»: Сәкен Бибосынов ұлды болды
Боксшының айтуынша, отбасы бұған дейін үш перзентінен айырылып, талай қиындықты бастан өткерген.
Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті. Спортшының отбасында ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Боксшының айтуынша, отбасы бұған дейін үш перзентінен айырылып, талай қиындықты бастан өткерген.
«Алланың қалауымен ұлды болдық! Құшағымыздағы кішкентай сәби – талай көз жастан кейінгі қуанышымыз, талай сынақтан кейінгі үмітіміз», – деп жазды ол.