Астана – Қарағанды тасжолында бір көліктің дөңгелегі жарылып, үш бірдей апат болды

Оқиға 22 қараша күні кешкі сағат 18:30 шамасында Теміртау маңында болған.

Қараша 23, 2026 - 11:40
 0  0
Астана – Қарағанды тасжолында бір көліктің дөңгелегі жарылып, үш бірдей апат болды
Фото: Видеодан скрин

Астана – Қарағанды тасжолында көліктің дөңгелегі жарылып, соның салдарынан үш бірдей жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 22 қараша күні кешкі сағат 18:30 шамасында Теміртау маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Kia K5 көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, артта келе жатқан жүргізушілер шұғыл тежелуге мәжбүр болған. Соның салдарынан Changan, Toyota, Jetour, Haval және Hyundai көліктері үш бөлек апатқа ұшыраған.

 Көліктерге материалдық шығын келген, зардап шеккендер жоқ. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0