Тоқаев Ливан президентіне жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.

Қараша 23, 2026 - 10:39
 0  0
Тоқаев Ливан президентіне жеделхат жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ливан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қазақстан президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0