Атырауда оқушылар көшеден 300 мың теңгеге жуық ақша тауып алған

Балалар табылған қаражатты иесіне қайтару үшін бірден полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары жедел түрде әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны оған табыстады.

Қараша 20, 2026 - 12:35
 0  0
Атырауда оқушылар көшеден 300 мың теңгеге жуық ақша тауып алған
Фото: видеодан скрин

Атырауда 5-6-сынып оқушылары көшеден 300 мың теңгеге жуық ақша салынған әмиян тауып алып, оны полицияға тапсырды. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау қаласындағы Нұрсая ықшамауданында 5-6-сынып оқушылары көшеден ішінде 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алды. 

Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлеріне бір топ оқушы жақындап, көшеден әмиян тауып алғанын айтқан.  

"Достар, кеше ғана осындай керемет жағдай болды. 5-6-сыныптың оқушылары ішінде ақшаға толы әмиян тауып алады. Олар ол ақшаны бөліп алмай, тығып қоймай, бірден сол айналада жүрген полиция қызметкерлеріне тапсырады. Ақша кейіннен иесіне қайтарылды, иесі мәз, енді ондай қомақты сома жоғалып, тапсаң, өзің де риза боласың ғой. Бұл жерде 11-12 жасар балалардың адалдығы мен полицияға деген сенімі, олардың ата-анасының дұрыс тәрбиесі мен енді біздің болашағымыздың жарқын екенін дәлелдейді деп ойлаймын. Мен өзім барынша қатты қуандым", – деді полицей.

Балалар табылған қаражатты иесіне қайтару үшін бірден полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары жедел түрде әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны оған табыстады. 

Оқушылардың бұл әрекеті көпшіліктің көңілінен шықты. Олардың адалдығы мен жауапкершілігіне сүйсінген тұрғындар жас ұрпақтың тәрбиесіне оң бағасын берді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0