Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Қайғылы жағдай Талдықорған – Үштөбе автожолының 20-шақырымында болған.

Қараша 20, 2026 - 10:50
 0  1
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қаза тапты

 Талдықорған – Үштөбе тасжолында жеңіл автомобиль жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы жағдай Талдықорған – Үштөбе автожолының 20-шақырымында болған. Жетісу облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, Changan CS35 маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан ол Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0