Қарағандыда акробат бес метр биіктіктен құлап кеткен

Қарағанды циркінде әуе гимнасты өнер көрсету кезінде шамамен бес метр биіктіктен құлап кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ekaraganda порталына сілтеме жасап хабарлайды. Куәгерлер түсірген видео Ekaraganda Instagram парақшасында жарияланған. Ал Қарағанды циркінің Instagram парақшасында оқиғаға қатысты әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, әртіс сақтандыру құралдарынсыз өнер көрсеткен. Бір сәтте тепе-теңдігін жоғалтып, бес метрге жуық биіктіктен құлаған. Біраз уақыттан кейін бағдарлама жүргізушісі зардап шеккен әртісті дәрігерлер тексергенін айтты. Оның сөзінше, әртістің жағдайы жақсы, жақын арада жұмысқа қайта кіріседі. Осыдан кейін цирктегі қойылым жалғасқан. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары оқиға салдарының ауыр болуы мүмкін екенін айтып, әртістің денсаулығына алаңдаушылық білдірген. Сондай-ақ кейбірі оқиғадан кейін қойылымның жалғастырылғанына наразылық танытқан.

Қараша 22, 2026 - 15:37
 0  0
Қарағандыда акробат бес метр биіктіктен құлап кеткен
Фото: instagram.com/ekaraganda.kz

Қарағанды циркінде әуе гимнасты өнер көрсету кезінде шамамен бес метр биіктіктен құлап кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Ekaraganda порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Куәгерлер түсірген видео Ekaraganda Instagram парақшасында жарияланған. Ал Қарағанды циркінің Instagram парақшасында оқиғаға қатысты әзірге ешқандай ақпарат жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, әртіс сақтандыру құралдарынсыз өнер көрсеткен. Бір сәтте тепе-теңдігін жоғалтып, бес метрге жуық биіктіктен құлаған.

Біраз уақыттан кейін бағдарлама жүргізушісі зардап шеккен әртісті дәрігерлер тексергенін айтты. Оның сөзінше, әртістің жағдайы жақсы, жақын арада жұмысқа қайта кіріседі. Осыдан кейін цирктегі қойылым жалғасқан.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары оқиға салдарының ауыр болуы мүмкін екенін айтып, әртістің денсаулығына алаңдаушылық білдірген. Сондай-ақ кейбірі оқиғадан кейін қойылымның жалғастырылғанына наразылық танытқан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0