«Басында Олжастан қызғандым»: Дариға Бақытованың анасы күтпеген жайтты айтты

Актрисаның анасы теледидардан қызы мен Олжастың бірге ән айтып тұрғанын көргенде бойында қызғаныш сезімі болғанын жасырмады.

Қараша 23, 2026 - 15:55
 0  1
«Басында Олжастан қызғандым»: Дариға Бақытованың анасы күтпеген жайтты айтты
фото: видеодан скриншот

Актриса Дариға Бадықованың анасы қызы мен күйеу баласы Олжас Абайдың қарым-қатынасы туралы айтып, алғашында оны қызғанғанын мойындады. Бұл туралы ол «Жетінші арнаға» берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Актрисаның анасы теледидардан қызы мен Олжастың бірге ән айтып тұрғанын көргенде бойында қызғаныш сезімі болғанын жасырмады.

«Теледидардан екеуінің бірге өлең айтып тұрған кезін көргенде, өз қызымды Олжастан қызғандым. Шын айтам. “Менің қызымда несі бар мынаудың?” деп ойладым», – деді ол.

Сонымен қатар ол айналасындағылардың екеуін жиі жарастыратынын айтып, қызы мен Олжастың шаңырақ көтеруіне өзі де қолдау білдіргенін жеткізді.

«Үйленетіндерінің алдында мен айттым: “Қызым, жұрттың бәрі шуылдап, сендерді қосып жатыр ғой. Неге үйлене салмайсыңдар?” дедім. “Қосылсаңдар, қосылыңдар” дедім. Мен ешқандай жаман ойға келген жоқпын. Бақытты болыңдар деп батамды бердім», – деді актрисаның анасы.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0