Атырауда жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып кетті
Жол апаты 19 қарашада сағат 12:10 шамасында Азаттық даңғылында, "Торговая база" аялдамасы маңында болған.
"Ақ Жайық" басылымының 2026 жылғы 22 қарашадағы мәліметінше, жол апаты 19 қарашада сағат 12:10 шамасында Азаттық даңғылында, "Торговая база" аялдамасы маңында болған.
Куәгерлердің айтуынша, автобус оқиға кезінде №64 бағыт бойынша жүріп бара жатқан.
"Оқушы қыздан бөлек, Yutong маркалы автобустың тағы екі жолаушысы зардап шекті. Олар медициналық көмекке жүгінді", – деп нақтылады Атырау облыстық Полиция департаменті.
Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Атырау – Индер тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, сегіз адам зардап шеккен еді. Түнгі жол апатының кадрлары әлеуметтік желілерде тараған.