Бибігүл Төлегенова үйінде дауыс беріп, сайлауға қатысты

№559 сайлау учаскесінің мүшелері әншінің үйіне арнайы барып, оған гүл шоғын табыстады.

Қараша 29, 2026 - 13:40
 0  0
Бибігүл Төлегенова үйінде дауыс беріп, сайлауға қатысты
Фото: Видеодан скрин

Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова үйінде дауыс беріп, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

№559 сайлау учаскесінің мүшелері әншінің үйіне арнайы барып, оған гүл шоғын табыстады.

Бибігүл Ахметқызы сайлауға әрдайым қатысатынын айтып, жаңа депутаттар халық сенімін ақтайды деген үмітін жеткізді.

Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау туралы қосымша ақпаратты бірыңғай 109 нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0