Астанада сауда орталығындағы төбелестен кейін екі жасөспірім бес жылға сотталды
Олар "Көктал" сауда орталығындағы жаппай төбелес үшін ғана емес, сонымен қатар, тонау, алаяқтық және басқа да қылмыстар бойынша кінәлі деп танылды.
Астанада сот екі жасөспірімді бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Олар "Көктал" сауда орталығындағы жаппай төбелес үшін ғана емес, сонымен қатар, тонау, алаяқтық және басқа да қылмыстар бойынша кінәлі деп танылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқиға биыл 26 наурызда "Көктал" СО-да болған. Сот мәліметі бойынша бір топ жасөспірім бұған дейін олардың бірін соққыға жыққан жігітпен есеп айырысу үшін сауда орталығына келген. Фуд-корт аумағында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Топ үш адамды соққыға жығып, сауда орталығының қонақтары арасында дүрбелең туғызған. Сол кезде полиция тергеу басталғанын хабарлаған болатын.