Балқаш тұрғындарына қорқынышты ескерту жасалды

Сондай-ақ жабайы жануарлармен кездескен жағдайда сақтық шараларын сақтау, оларға жақындамау және мазаламау қажеттігі түсіндірілді.

Қараша 27, 2026 - 16:15
 0  0
Балқаш тұрғындарына қорқынышты ескерту жасалды
Фото: gov.kz

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары Балқаш жағалауында жолбарысты табиғи ортаға қайтару бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар мен демалушыларға жабайы жануармен кездескен жағдайда сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Мамандар өңір тұрғындарына жолбарысты табиғи ортаға қайтару бағдарламасының маңызы мен жануарлардың табиғи ортаға бейімделуі сондай-ақ оларды қорғау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ жабайы жануарлармен кездескен жағдайда сақтық шараларын сақтау, оларға жақындамау және мазаламау қажеттігі түсіндірілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және адам мен жабайы табиғат арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0