Қазақстан шекарасынан 200 мың долларды жасырын алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдауы үшін тергеулігі бойынша құзыретті органға берілді

Қараша 27, 2026 - 15:40
 0  1
Қазақстан шекарасынан 200 мың долларды жасырын алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі ақша қаражатын шетелге заңсыз әкетуге жол бермеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды sadaq.kz ҰҚК-ге сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, 16-25 қараша аралығында өткізу пункттерінде шекарашылар жалпы сомасы 508 млн теңгеден асатын декларацияланбаған валютаны алып өтудің 59 әрекетінің жолын кесті.

Атап айтқанда 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарада Қазақстан азаматының жүгінен 4 441 500 рубль (баламасы – шамамен 23 млн теңге) мөлшерінде ақша қаражаты табылды.

Сондай-ақ 23 қарашада "Қордай" өткізу пунктінде 200 000 АҚШ долларын (баламасы – шамамен 91 млн теңге) жасырын түрде алып өтпек болған шетелдік анықталды.

"Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдауы үшін тергеулігі бойынша құзыретті органға берілді", - делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі республика аумағынан тыс жерлерге Қазақстан заңнамасында белгіленген сомадан (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) жоғары қолма-қол ақша қаражатын әкетуге тыйым салынғанын еске салды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0