«Несиені несие алып жауып жатырмыз»: Таразда қант зауытының жұмысшылары жалақысыз қалды

Жұмысшылардың бірі Ерболат Кәрімбердиев жалақының кешігуі салдарынан олардың қаржылық жағдайы қиындап кеткенін айтады.

Қараша 26, 2026 - 16:08
 0  8
«Несиені несие алып жауып жатырмыз»: Таразда қант зауытының жұмысшылары жалақысыз қалды
Фото: istockphoto.com

Тараздағы қант зауытын жаңғырту жұмыстарына тартылған жұмысшылар 50 күннен астам уақыттан бері еңбекақысын ала алмай жүр. Жалақысын талап еткен азаматтар жергілікті әкімдіктен көмек сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды sadaq.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмысшылардың айтуынша, кәсіпорынды жаңғыртуға атсалысқан жүзге жуық адам екі айға жуық уақыттан бері тиісті ақшасын күтіп жүр. Наразылық білдірген олар бір күн жұмысқа шықпаған. Алайда сол күні серіктестік басқа кәсіпкермен келісімшарт жасасып, жүздеген адам жұмыссыз қалған.

Жұмысшылардың бірі Ерболат Кәрімбердиев жалақының кешігуі салдарынан олардың қаржылық жағдайы қиындап кеткенін айтады.

«Ерігіп жүрген ешкім жоқ. Жетіскеннен бұлай ешкім келмейді. Несие төлейміз, төлемі кешіктіріліп жатыр. Айыппұлымыз бар, тамағымыз бар дегендей, қарызға батып жатырмыз. Несиені несие алып жауып жатырмыз», – деді ол.

Жалақысын ала алмай жүргендердің арасында шалғай ауылдардан келіп жұмыс істейтін азаматтар да бар. Оларды жұмысқа ешқандай келісімшартсыз қабылдаған жеке кәсіпкер еңбекақысын күн сайын төлеп отырған.

Жеке кәсіпкер Нұржігит Сейітхановтың айтуынша, төлемнің кешігуіне қажетті құжаттардағы қателіктер себеп болған. Оның сөзінше, құжаттардағы кемшіліктер түзетіліп, қайта тапсырылғанымен, қаражат әлі түспеген.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0