Зардап шеккендер бар: Астанада екі жеңіл көлік соқтығысып қалды

Полицияның мәліметінше, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сығанақ көшесімен Мәңгілік Ел даңғылы жағынан Тәуелсіздік даңғылы бағытында келе жатқан.

Қараша 26, 2026 - 16:40
 0  0
Зардап шеккендер бар: Астанада екі жеңіл көлік соқтығысып қалды
Фото: pixabay

25 қарашада Астанадағы Сығанақ көшесінде екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полицияның мәліметінше, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сығанақ көшесімен Мәңгілік Ел даңғылы жағынан Тәуелсіздік даңғылы бағытында келе жатқан. Қозғалыс бағыты бойынша көріну мүмкіндігін ескермеген жүргізуші алдында келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.

«Соққының салдарынан Toyota Camry инерциямен қозғалып, көше жарықтандыру бағанына соғылған. Кейін аударылып кеткен», – деп хабарлады ведомство.

Toyota Camry көлігінде болған жолаушы әйел медициналық мекемеге жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0