Алматыдағы бес адамның өмірін қиған өрт: полиция мәлімдеме жасады

Еске салайық, 26 қараша сағат 03:44–те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қараша 26, 2026 - 11:58
 0  2
Алматыдағы бес адамның өмірін қиған өрт: полиция мәлімдеме жасады
Фото: polisia.kz

Алматы қаласының полиция департаменті 5 адам өаза тапқан өртке байланысты іс қозғады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болу мән-жайы анықталады", — деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, 26 қараша сағат 03:44–те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Өрт сағат 04:42–де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0