Қазақстандық дзюдошылар кадеттер арасында Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп

Ташкентте (Өзбекстан) кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі өтіп жатыр.

Қараша 25, 2026 - 17:00
 0  4
Қазақстандық дзюдошылар кадеттер арасында Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп
Фото: ҰОК

Ташкентте (Өзбекстан) кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Аталған бәсекеде ұлттық құрама спортшылары бес медаль жеңіп алды.

Әдия Жанахмет 40 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей алтын медаль жеңіп алды.

Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0