«Анашымсыз қырық күн»: Сәкен Майғазиевтің қабір басындағы видеосы қызу талқыға түсті

Желі қолданушылары жазба астына көңіл айтса, енді бірі марқұм жатқан зиратты видеоға түсіріп, көпшілікке көрсетуді орынсыз санады.

Қараша 23, 2026 - 16:56
 0  0
«Анашымсыз қырық күн»: Сәкен Майғазиевтің қабір басындағы  видеосы қызу талқыға түсті
Фото: Видеодан скрин

Әнші Сәкен Майғазиев анасының дүниеден өткеніне қырық күн толуына орай марқұмның рухына құран бағыштады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі  бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында видео етіп жариялады.

«Анашымсыз өткен қырық күн», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жазба астына көңіл айтса, енді бірі марқұм жатқан зиратты видеоға түсіріп, көпшілікке көрсетуді орынсыз санады.

«Анаңыздың жаны жәннатта болсын», «Ананың орны бөлек қой», «Бірден үлкейіп кетті, анасы барда жас еді», «Қатты егіле берген де дұрыс емес», «Мазар басынан видео салу қаншалықты дұрыс?», «Қаншама әруақтар жатыр, бұлай түсіру дұрыс емес», «Сәкен қайғырып отырғанда мобилографы жел-желп етіп түсіріп жүрді ме? Қабір басын да контентке айналдыратын заманға жеттік», – деп жазды оқырмандар.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0