Қызылордада екі қызға араша түскен жігіт пышақ жарақатын алды

Желіде тараған ақпарат бойынша оқиға 20 қараша күні кешке Құлагер шағынауданында болған. Ер адам ойын-сауық орнынан мас күйде шығып, екі қызға тиісіп бастаған.

Қараша 23, 2026 - 16:51
 0  2
Қызылордада екі қызға араша түскен  жігіт пышақ жарақатын алды
Фото: Видеодан скрин

Қызылордада екі қызға тиісіп жатқан мас ер адамды тоқтатпақ болған 18 жастағы жігіт пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Желіде тараған ақпарат бойынша оқиға 20 қараша күні кешке Құлагер шағынауданында болған. Ер адам ойын-сауық орнынан мас күйде шығып, екі қызға тиісіп бастаған. Мұны көрген Нұралла есімді жігіт оларға араша түскен. Алайда жанжал кезінде ер адам оған пышақ сұққан.

“Ер адам жігітті оңаша жерге шақырып, үш рет пышақ сермеген. Жігіт күртесін ағытқанда, қанға боялғанын көрген”, – делінген желіде тарап жатқан ақпаратта. 

18 жастағы Нұралла қазір медициналық колледждің 4-курс студенті. Жігіт өкпесі мен кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Өкпесінен ауаны шығару үшін оған арнайы түтік орнатылған. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр. 

Оқиғаға қатысты Қызылорда қаласының полиция департаментінен пікір сұрадық. Ведомство болған жайтты растады. 

“Күдікті оқиға ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы Қызылорда облыстық полиция департаментінің бақылауында. ", – деді ведомство.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0