«Құттықтауға келдім»: Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығын айтты
Өнер иесі қуанышты сәттен видео жариялап, құдағиына ақ тілегін арнады.
Әнші Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығымен бөлісіп, құдағайына ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі қуанышты сәттен видео жариялап, құдағиына ақ тілегін арнады.
«Керемет жаңалық, керемет көңіл-күй. Құдағиымды «Алтын алқа» мемлекеттік наградасымен құттықтауға келдім! Ұлым мен келініме жұғысты болсын», – деді әнші.
Сонымен қатар әнші құдағиының аналық еңбегі мен мейірімін ерекше атап өтті.
«Бұл – аналық мейірімнің, төгілген тер мен таусылмас еңбектің үлкен бағасы. Бала-шағаңыздың қызығын көріп, әрдайым ортамыздың мақтанышы болып жүре беріңіз! Алла деніңізге саулық, отбасыңызға амандық берсін!» – деп жазды өнер иесі.