Астанада 26 жастағы жігіт қайтыс болды
Астана қаласы Полиция департаменті марқұмның жеке басы анықталғанын мәлімдеді.
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 26 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Полиция жас жігіттің қазасын растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Астана қаласы Полиция департаменті марқұмның жеке басы анықталғанын мәлімдеді.
«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан 26 жастағы ер адамның жеке басы анықталды. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар тәркіленіп, зерттелуде», – деп хабарлады ведомстводан.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды.