Ақмола облысында мас ер адам әйелін қағып өлтірді

Облыстық полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Қараша 25, 2026 - 12:20
 0  0
Ақмола облысында мас ер адам әйелін қағып өлтірді
Фото: pixabay

Ақмола облысының Аршалы кентінде мас күйінде көлік тізгіндеген ер адам әйелін қағып кетті. Алған ауыр жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның күйеуі алкогольдік масаң күйде «ВАЗ-2114» автокөлігін тізгіндеп келе жатып, әйелді қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші көз жұмды»,  – деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Аршалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. 
Ерлі-зайыптылардың жасы, қайғылы оқиғаның нақты күні мен мән-жайы, қай жерде болғаны және әйелдің көлік алдына қалай шығып қалғаны әзірге жария етілген жоқ. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0