Шығыс Қазақстанда үш балықшы көз жұмды

Зевакино ауылы маңында үш ер адам жұқа мұзға шығып, суға батып кеткен. Марқұмдардың құтқару кеудешелері болмаған.

Қараша 25, 2026 - 09:43
 0  0
Шығыс Қазақстанда үш балықшы көз жұмды
Фото: Pixabay

Шығыс Қазақстанда үш балықшы жұқа мұз астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды sadaq.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Шемонаиха ауданындағы Зевакино ауылы маңында болған.

«Ертіс өзенінің жайылмасында жұқа мұзға шыққан 1984, 1960 және 1967 жылы туған үш балықшы суға батып кеткен. Ер адамдар құтқару кеудешелерін кимеген. Марқұмдардың денесін ТЖД сүңгуірлері судан алып шықты», – деп мәлімдеді өңірлік департаменттің баспасөз қызметі. 

Құтқарушылар алғашқы аяз түскенде су айдындары мұзбен жабыла бастағанымен, бұл оның үстімен жүруге қауіпсіз дегенді білдірмейтінін ескертеді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0